Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

21 сағат бұрын

«Тобыл» өз алаңында «Паневежисті» қабылдайды

«Тобыл» өз алаңында «Паневежисті» қабылдайды

30 шілде күні қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Литваның «Паневежис» клубын Конференциялар лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында қабылдайды.

Кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Алғашқы матч Литваның Паневежис қаласында 1:1 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері сапынан Сейдина Кейта мергендік танытса, 84-минутта Неманья Цавнич «Тобылға» таразы басын теңестіруге мүмкіндік берді. Сондай-ақ кездесудің 60-минутында қостанайлықтар пенальти орындау мүмкіндігіне ие болғанымен, Асхат Тағыберген қақпашыны қапы қалдыра алмады.

Бұл жұптың жеңімпазы Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Сербияның «Партизан» және Люксембургтің «УНА Штрассен» клубтары арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Алғашқы ойында «Партизан» қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан