11 сағат бұрын
ҚФФ төрешілерді VAR жүйесі бойынша сертификаттауды бастады
Фото:ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету департаменті VAR жүйесі бойынша төрешілерді сертификаттау бағдарламасын іске қосты.
ҚФФ штаб-пәтерінде сегіз төреші оқуын бастап, FIFA әзірлеген бес кезеңдік бағдарлама бойынша дайындықтан өтуде. Оқу барысында мамандар теориялық білім алып, VAR симуляторымен жұмыс істеп, практикалық сабақтарға қатысады.
Сертификаттау шілде-тамыз айлары аралығында жалғасады. Бағдарламаның мақсаты — Бірінші лига төрешілерінің басым бөлігін дайындап, оларды болашақта жоғары деңгейдегі матчтарға тартуға мүмкіндік беру.
Қазақстан Премьер-лигасында тек FIFA талаптарына сай сертификат алған VAR төрешілері ғана жұмыс істей алады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан