6 сағат бұрын
«Тұран» Бірінші лигада қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті
Фото: «Тұран» футбол лубы
Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының ХVІ туры басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы ойын күні, 30 шілдеде түркістандық «Тұран» сырт алаңда Алматының «Хан тәңірі» клубымен шеберлік байқасты.
Түркістандық команда биыл Премьер-лигаға қайта оралуды алдына мақсат етіп отыр. Дегенмен қатарынан екі кездесуде бір мәрте тең түсіп, бір рет қарсыласына есе жіберген олар енді әрбір ойында ұпайдан шашау шығармауға тырысып келеді. Бұл турдағы матчта да сол сәттілік сериясын жалғастырды.
Кездесу тағдырын 57-минутта «Тұран» қорғаушысы Темірлан Мұрзағалиев 57-минутта соққан жалғыз гол шешті. Олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 34 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Түркістандық команда қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті.
Ойындар нәтижесі
ХVІ тур
30 шілде
«Батыр» (Павлодар облысы) - «Елімай-2» (Семей) 2:1
«Каспий-2» (Ақтау) - «Ақтөбе-2» 6:1
«Тараз» - «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 2:1
«Хан тәңірі» (Алматы) - «Тұран» (Түркістан) 0:1
Ойындар кестесі
31 шілде
«Астана-2» - «Арыс» (Түркістан облысы)
«Қайрат-2» (Алматы) - «Жайық» (Орал)
«Тобыл-2» (Қостанай облысы) - «Шахтер» (Қарағанды).
Былтыр Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан