Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Футбол үйінде спорт журналистері арасында турнир өтті

Футбол үйінде спорт журналистері арасында турнир өтті

Фото: ҚФФ

ҚФФ футбол үйінде Халықаралық спорт журналистері күніне арналған шағын футболдан мерекелік турнир өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнирге елімізде спорт тақырыбында қалам тербетіп жүрген журналистер қатысты. Жарысқа қатысқан командалар Диас Омаров, Сейдахмет Бердіқұлов, Амангелді Сейітхан және Евгений Гайдамакин есімдерімен аталды. Жанкүйерлер тобына танымал спорт комментаторы Сұлтанғали Қарайтұлының аты берілді.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров спорт журналистерін төл мерекелерімен құттықтап, футболды дамыту жолындағы жан-жақты еңбектеріне алғыс айтты. Сондай-ақ ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн мен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов жиналған қауымға тілектерін арнады.

Турнир төрттік финалы форматында ұйымдастырылды. Финалда Сейдахмет Бердіқұлов командасы Евгений Гайдамакин ұжымын жеңіп, чемпион атанды. Ал үшінші орын үшін ойында Амангелді Сейітханов командасы Диас Омаров командасынан басым болды.

Жарысқа қатысқан командалардың барлығына бірдей жүлде табысталып, журналистерден құралған жанкүйерлер тобына естелік сыйлықтар тарту етілді.

Халықаралық спорт журналистері күніне арналған мерекелік жарысқа қатысушылар тартысты ойын көрсетіп, керемет көңіл-күй сыйлады.


Біздің серіктес: Sport12kz