6 сағат бұрын
«Ертіс» ганалық қорғаушымен қош айтысты
Фото: «Ертіс» футбол клубы
«Ертіс» футбол клубы ганалық қорғаушы Ибрагим Фардпен өзара келісім бойынша еңбек келісімшартын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ибрагим осы маусымда павлодарлық клуб сапында 14 матчқа қатысып, команданың ойындарына өз үлесін қосты.
- Футболшыға «Ертіс» сапындағы еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Алдағы спорттық жолында табыс тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: Sport12kz