Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

51 жастағы тәжірибелі маман Игорь Черевченко «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Черевченко Тәжікстанда дүниеге келген және жергілікті «Памир» клубында ойнап, футбол шеберлігін сол жерде дамытқан. Кейінірек Ресейге қоныс аударып, мәскеулік «Локомотив» пен «Торпедо» және «Алания» (Владикавказ) командаларында өнер көрсетті.

Өз ұжымындай болып кеткен «Локоны» жаттықтырған шағында бапкерлік атағы шығып, клубпен бірге Ресей Кубогін жеңіп алды. «Локомотивтен» басқа, Чери ресейлік «Балтика» (Калининград), «Арсенал» (Тула), «Химки» (Мәскеу облысы) және «Факел» (Воронеж) клубтарын, сондай-ақ Тәжікстанның «Истиқлол» (Душанбе) командасын баптап, онымен бірге үш жыл қатарынан Тәжікстан чемпионатын және ел Кубогі мен Суперкубогін иеленді. Азия Чемпиондар лигасына шығарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Штефан Тарковичпен келісім-шарт бұзысу туралы тоқтамға келді.




Біздің серіктес: Sport12kz