4 сағат бұрын
Қазақстандық талант Испаниядағы жолдастық матчта гол соқты
Қазақстандық жас шабуылшы Алдияр Нұрғали Испаниядағы жолдастық кездесуде гол соғып, негізгі командаға шақырту алу мүмкіндігін арттырды.
18 жастағы вингер «Атлетико Леванте» сапында бесінші дивизион өкілі «Асероға» қарсы өткен бақылау матчында 45 минут алаңда өнер көрсетті. Қазақстандық футболшы бір гол соғып, командасының 2:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.
Алдағы маусым Алдияр Нұрғали үшін «Атлетико Леванте» (U-23) құрамындағы алғашқы маусым болмақ. Астана тумасы 2025 жылдың желтоқсанында Ла Лига клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған.
Футболшының айтуынша, клуб басшылығы өзін жақсы қырынан көрсетсе, негізгі команданың жаттығуларына қатысуға мүмкіндік беретінін жеткізген.
Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы «Леванте» U-19 сапында сегіз гол соққан еді.
Біздің серіктес: Sport12kz