4 сағат бұрын
«Челси» Сәтбаевты негізгі құрамға қоспады
Лондондық «Челси» «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық матчқа арналған құрамын жариялады.
Команданың бас бапкері Хаби Алонсоның шешімімен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев кездесуді қосалқы құрамнан бастайды.
«Челсидің» негізгі құрамы: Шарман-Лоу, Палестра, Фофана, Колвилл, Хато, Эссуго, Лавия, Эстевао, Палмер, Гиттенс және Жоао Педро.
Матч 1 тамыз күні Австралияның Сидней қаласындағы «Аккор» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады.
Айта кетейік, бұған дейінгі жолдастық ойында «Челси» «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңген болатын. Сол кездесуде Дастан Сәтбаев лондондық клуб сапындағы алғашқы голын соғып, есепті алтыншы минутта ашқан еді.
Біздің серіктес: Sport12kz