7 сағат бұрын
Дастан Сәтбаев «Тоттенхэмге» қарсы матчта алаңға шықты
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев «Челси» сапында «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.
Австралияның Сидней қаласындағы «Аккор» стадионында өтіп жатқан матчта қазақстандық футболшы 70-минутта Эстевао Виллианның орнына ойынға қосылды.
Сәтбаев алаңға шыққан сәтте есеп 1:1 болып тұрды. Алғаш болып Сандро Тонали (17-минут) «Тоттенхэмді» алға шығарса, араға төрт минут салып Эстевао (21-минут) таразы басын теңестірді. Ал 49-минутта лондондық клубтың қорғаушысы Кевин Дансо қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Еске салайық, Дастан Сәтбаев 28 шілдеде «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы матчта (6:4) «Челси» сапындағы алғашқы голын соққан болатын. Қазақстандық футболшымен жасалған келісімшарт 12 тамызда, ол 18 жасқа толған күні ресми түрде күшіне енеді.
Біздің серіктес: Sport12kz