11 сағат бұрын
Челси Тоттенхэмге есе жіберді: Дастан Сәтпаев командасын құтқара алмады
Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челсидің» «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық кездесуінде екінші таймда алаңға шықты.
Дастаү Сәтпаев 70-минутта Эстевоны алмастырды. Матч «Тоттенхэмнің» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Бұл қазақстандық футболшының «Челсидің» негізгі құрамындағы маусым алдындағы екінші ойыны. Бұған дейін ол «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы матчта гол соққан.
Біздің серіктес: Sport12kz