Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

«Қайрат» – «Левски» матчының билеттері сатылымға қашан шығады?

«Қайрат» – «Левски» матчының билеттері сатылымға қашан шығады?

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Левскиге» қарсы қарымта ойынға билеттердің сатылымға шығатын уақытын жариялады.

Билет сату 5 тамыз күні сағат 15:00-де басталады. Құны 1500-5000 теңге аралығында. Жанкүйерлер билеттерді Qairat SuperApp және Freedom SuperApp арқылы сатып ала алады.

Клуб билеттерді алыпсатарлардан алмауға шақырды. Ресми емес жолмен алынған билеттердің күші жойылатыны ескертілді.

Сондай-ақ маусымдық абонемент иелері мен белсенді жанкүйерлерге Түркістанға тегін автобус қатынайды. Көлік матч болатын күні сағат 06:00-де жолға шығып, кездесу аяқталғаннан кейін Алматыға кері қайтады.

Еске салайық, «Қайрат» – «Левски» арасындағы қарымта матч 11 тамызда Түркістандағы «Түркістан Аренада» өтеді. Кездесу 20:00-де басталады.


Біздің серіктес: Sport12kz