Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

«Ертіс» «Каспийді» жеңіп, маңызды үш ұпайға ие болды

«Ертіс» «Каспийді» жеңіп, маңызды үш ұпайға ие болды

Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында Павлодардың «Ертісі» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 3:2 есебімен жеңді.

Ойынды қонақтар белсенді бастап, алғашқы таймның ортасында есеп ашты. «Каспий» сапынан Ноа Ндомбази мергендік танытып, командасын алға шығарды. Голдан кейін «Ертіс» шабуылды күшейткенмен, үзіліске дейін есеп өзгермеді.

Екінші таймда павлодарлықтар таразы басын өз пайдасына аудара алды. Алдымен Жан Морель По есепті теңестірсе, көп ұзамай Юши Шимамура «Ертісті» алға шығарды.

Алайда ақтаулықтар да қарымта гол соқты. Павел Седько пенальтиді сәтті орындап, есепті 2:2-ге жеткізді.

Матчтың негізгі уақытына қосылған 14-минутта «Ертіс» тағы бір пенальти тебуге мүмкіндік алды. Жан Морель По он бір метрлік айып добын дәл орындап, павлодарлық клубқа жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Ертіс» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Павлодарлықтар 17 ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында қалса, «Каспий» 21 ұпаймен ортаңғы орында тұр.


Біздің серіктес: Sport12kz