5 сағат бұрын
«Ақтөбеге» жаңа бас бапкер тағайындалды
«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметіне 51 жастағы Игорь Черевченко тағайындалды.
Тәжікстанда дүниеге келген маман бұған дейін Ресейдің «Локомотив», «Арсенал», «Балтика», «Химки» және «Факел» клубтарын жаттықтырған. «Локомотивпен» Ресей Кубогын жеңіп алған.
Сондай-ақ Черевченко Тәжікстанның «Истиклол» клубын қатарынан үш рет ел чемпионы атандырып, командамен Азия чемпиондар лигасына жолдама алған.
Біздің серіктес: Sport12kz