10 сағат бұрын
Қазақстан жағажай футболында Эстонияны жеңді
Фото:ҚФФ
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Молдованың Кишинев қаласында өтіп жатқан Еуролиганың А дивизионында кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Ұлттық құрама Эстониямен қарсы ойнап, қарсыласын 7:5 есебімен ұтты. Алғашқы кезеңде Қазақстан 3:2 есебімен алға шықты. Кейін отандастарымыз басымдығын сақтап, есепті 7:5-ке жеткізді.
Қазақстан сапында Мұралинов хет-трик жасаса, Деринг пен Мыңбаев дубль авторы атанды.
Қазақстан құрамасы Еуролигадағы келесі матчын 3 тамызда Украинаға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz