8 сағат бұрын
«Оқжетпес» өз алаңында «Алтайды» ірі есеппен жеңді
Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында Өскеменнің «Алтайын» қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Қос құрама арасындағы ойын Көкшетаудағы «Оқжетпес» стадионында өтті. Ойынның алғашқы голы бірінші таймның соңына қарай соғылды. Алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Владислав Васильев есеп ашса, оған Саян Мұқанов нәтижелі пас берді.
Үзілістен кейін «Оқжетпес» басымдығын арттыра түсті. Оралхан Өміртаев дубль жасап, командасының жеңісіне елеулі үлес қосты. Ал Владимир Воменко бір гол соқты.
«Алтай» сапынан Денис Митрофанов қарсыластар қақпасына бір гол енгізіп, есеп айырмасын қысқартты.
Осы жеңістен кейін «Оқжетпес» 33 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал «Алтай» 16 ұпаймен соңғы орында қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz