Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Андрей Мартин Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер қатарына қосылды

Андрей Мартин Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер қатарына қосылды

Фото:”Ордабасы” фк

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін іздеуді жалғастырып жатыр. Үміткерлер қатарында Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартин де бар.

Бұл туралы журналист Эльдар Аманбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан футбол федерациясы бас хатшы Скотт Маннның жетекшілігімен жаңа бас бапкерді іздеп жатыр.

«Қазақстан футбол федерациясы бас хатшы Скотт Манн жетекшілігімен жаңа бас бапкерді іздеуді жалғастырып жатыр. Алайда шешім қабылдауға уақыт барған сайын азайып келеді. Қыркүйек айының соңында Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасындағы аса маңызды матчтар күтіп тұр. Жаңа бапкерді таңдауда оның табысты жұмыс тәжірибесi мен жеңіп алған жүлделері негізгі талаптардың бірі болып қала береді. Федерация басшылығы дәл осындай жетістігі бар мамандарға басымдық беруде.

Шетелдік мамандармен келіссөздердің күрделілігіне байланысты Қазақстан футбол федерациясы жыл соңына дейін ұлттық құраманы уақытша бас бапкерге сеніп тапсыру нұсқасын да қарастырып отыр. Себебі көптеген шетелдік маман түрлі себептермен қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істеуге дайын емес», — делінген жазбада.


Біздің серіктес: Sport12kz