7 сағат бұрын
«Астана» өз алаңында «Ұлытаудан» басым түсті
Фото:”Астана” фк
Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында «Астана» өз алаңында «Ұлытауды» қабылдады. Елордалық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті.
«Астана» ойынның алғашқы минуттарынан белсенділік танытты. Марин Томасов көп ұзамай есеп ашты. Хорватиялық футболшы айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, допты қақпаның жоғарғы бұрышына бағыттады.
Голдан кейін де алаң иелері шабуылды жалғастырды. «Ұлытау» қауіпті шабуыл ұйымдастыра алмады.
Матчтың соңына қарай Томасов дубль жасады. Ол қақпашының алға шыққанын байқап, алаң ортасынан қақпаға соққыны дәл бағыттады.
Осы жеңістен кейін Григорий Бабаян шәкірттері 35 ұпай жинады. «Астана» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
«Ұлытау» 27 ұпаймен кестенің орта тұсында орналасқан.
Біздің серіктес: Sport12kz