7 сағат бұрын
«Қайрат» «Левскиге» қарсы матч үшін Болгарияға аттанды
Фото:”Қайрат” фк
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын сырт алаңда өткізеді. Осыған байланысты клуб «Левскиге» қарсы ойын үшін Болгарияға аттанды.
Клуб әлеуметтік желідегі парақшасында болгар тілінде «София, біз осындамыз!» деген жазба жариялады.
«Қайрат» 4 тамызда Софиядағы «Георгий Аспарухов» стадионында «Левскиге» қарсы ойнайды.
Алматылық команда екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омониясын» пенальти сериясында 6:5 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Ал командалар арасындағы қарымта матч 11 тамызда Түркістанда өтеді. Кездесу бастапқыда Алматыдағы Орталық стадионда өтуі керек еді. Алайда аренада америкалық рэпер Канье Уэстің концерті жоспарланғандықтан, ойын «Түркістан Аренаға» ауыстырылды.
Біздің серіктес: Sport12kz