Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Самат Смақов «Тұранмен» қош айтысты

Самат Смақов «Тұранмен» қош айтысты

Қазақстандық маман Самат Смақов Түркістанның «Тұран» клубындағы бас бапкердің көмекшісі қызметінен кетті.

Смақовтың айтуынша, ол командаға бастапқы келісім бойынша тамыздың басына дейін көмектесуі керек болған. Алайда бас бапкер Виктор Кумыковтың денсаулығына байланысты Смақовтан командамен бірге қалуын сұраған. Енді маманның клубтағы жұмысы аяқталды.

«Алғашқы келісім бойынша мен командаға шамамен 1 тамызға дейін көмектесуім керек еді. Виктор Балютовичтің денсаулығына қатысты аздаған қиындықтары болды. Сондықтан ол жанында болуымды сұрады. Қазір келісілген уақыт аяқталды», — деді Смақов.

Самат Смақов енді UEFA PRO санатындағы бапкерлік лицензия бойынша оқуын жалғастырады. Кезекті оқу модулі 4 тамызда Астанада басталады.

Айта кетейік, Смақов «Тұранның» бапкерлер штабына 2026 жылдың наурызында қосылған еді.


Біздің серіктес: Sport12kz