4 сағат бұрын
“Ордабасы” “Қайратты” басып озды
Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында Шымкентте «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобылы» өзара мықтыны анықтады. Алаң иелері қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.
Матчтың алғашқы голы 25-минутта соғылды. Шымкенттік клубтың шабуылына қосылған Эльхан Астанов өз мүмкіндігін мүлт жібермей, есеп ашты.
Екінші таймда да «Ордабасы» ойын тізгінін өз қолында ұстады. Алаң иелері бірнеше рет есеп айырмасын ұлғайтуға жақын болғанымен, қостанайлықтардың қақпашысын қапы қалдыра алмады.
Дегенмен матчтың аяқталуына аз уақыт қалғанда Сергей Малый гол соғып, «Ордабасының» жеңісін түйіндеді. Қорғаушының дәл соққысы шымкенттік команданың басымдығын 2:0-ге жеткізді.
Осы нәтижеден кейін «Ордабасы» 46 ұпайға жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Шымкенттік клуб 45 ұпайы бар Алматының «Қайратын» артқа тастады.
Ал «Тобыл» 22 ұпаймен турнир кестесінің орта тұсында қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz