Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

«Ақтөбе» әйелдер командасы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді

«Ақтөбе» әйелдер командасы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді

«Ақтөбе» әйелдер командасы 5 тамызда UEFA Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді.

Ақтөбеде өтетін мини-турнирде қазақстандық клуб Исландияның «Брейдаблик», Беларусьтің «Динамо-Минск» және Швейцарияның «Серветт» командаларымен бірге бақ сынайды.

Алғашқы ойында «Ақтөбе» «Брейдабликке» қарсы доп тебеді. Екінші жартылай финалда «Динамо-Минск» пен «Серветт» ойнайды.

Шешуші матчтар 8 тамызға жоспарланған. Финалда жартылай финал жеңімпаздары жолығып, жеңілген командалар үшінші орын үшін таласады.

Мини-турнир жеңімпазы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.


Біздің серіктес: Sport12kz