Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролиганың А дивизионындағы орнын сақтап қалды

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролиганың А дивизионындағы орнын сақтап қалды

Фото: ҚФФ

Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдованың Кишинев қаласында өткен 2026 жылғы Еуролига кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы үш матч өткізді. Алғашқы кездесуде ұлттық құрама Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберсе, екінші ойында Италиядан 1:12 есебімен жеңілді. Топтық кезеңнің соңғы матчында қазақстандықтар Бельгиямен негізгі уақытта 3:3 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

5-8 орындар үшін өткен плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы Эстонияны 7:5 есебімен жеңді. Ал бесінші орын үшін матчта Украинаға 3:4 есебімен жол берді.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 16 қатысушының ішінде алтыншы орынға ие болып, келесі маусымға Еуролиганың элиталық А дивизионындағы орнын сақтап қалу жөніндегі негізгі міндетін орындады.


Біздің серіктес: Sport12kz