4 сағат бұрын
Али Алиев «Жеңіс» командасы бас бапкері қызметінен кетті
Али Алиев «Жеңіс» командасы бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болды.
Команда басшылығы жаңа бапкерді іздестіруді бастап кетті. Бұл қызметке босниялық Владимир Слишкович келуі мүмкін.
Қазір «Жеңіс» турнир кестесінде 23 ұпаймен сегізінші орында келеді.
Қазақстандық маман Али Алиев өткен жылдың желтоқұсан айында елордалық «Жеңіс» клубының бас бапкері болып тағайындалды. Оған дейін «Жеңісті» басқарған украиналық Андрей Демченко командадан кетті.
Біздің серіктес: Sport12kz