4 сағат бұрын
Скотт Манн Қазақстан құрамасына қандай маман таңдалатынын айтты
Фото: ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн BAQ.KZ берген эксклюзивті сұхбатында өзінің бұл қызметке тағайындалуы, Қазақстандағы футболды дамыту жоспарлары, ұлттық құрамалардың міндеттері, жаңа бас бапкерді іздеу, клубтармен өзара әрекеттесу және ҚФФ-ның таяу жылдарға қойған мақсаттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Скотт Манн ҚФФ шетелдік те, қазақстандық та мамандарды қарастырып жатқанын хабарлады. Басты критерийлер – табысты тәжірибе, жеңіске жете білу және Қазақстан құрамасын Еуропа чемпионатына алып шығу қабілеті болмақ.
«Шетелдік бапкерді іздеу бойынша менде бірнеше айқын критерий бар. Бұған дейін ешқашан шетелде жұмыс істеп көрмеген бапкерді шақырғым келмес еді. Меніңше, бұл – өзім бара қоймайтын тәуекел. Маған бұған дейін табысқа жеткен және кубоктарды жеңіп алған бапкер керек сияқты. Мен мұндай нәрсенің Анге Постекоглу немесе Пеп Гвардиола сияқты адамдарда қалай жұмыс істейтінін көрдім. Бұл – үнемі жеңіске жететін бапкерлер. Олар табыстың қандай болатынын және оған жету үшін не қажет екенін біледі. Сондықтан, егер сөз шетелдік бапкер туралы болса, біз бұған дейін де нәтиже көрсеткен адамды шақырғымыз келеді. Ал егер бұл жергілікті маман болса, онда ол, сірә, Қазақстан Премьер-лигасында жұмыс істеп жатқан және осы жердегі Премьер-лигада нәтижеге қол жеткізген адам болуы мүмкін», - деді ол.
Біздің серіктес: Sport12kz