04.08.2026
Әли Әлиев «Жеңіс» клубынан кетті
Елордалық «Жеңіс» клубының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кетті.
Ақпаратқа сәйкес, клуб басшылығы қазақстандық маманмен кездесіп, команданың соңғы нәтижелерін талқылаған. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара келісіммен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.
Әлиев клубтан кеткенін растап, бұл шешімге пікір білдірді.
«„Жеңіс“ – өте амбициясы жоғары клуб. Соңғы уақытта жолымыз болмай жүрді. Мұнда барлығын түсінемін: әркім нәтиже, тұрақтылық пен тепе-теңдік қалайды. Команданы жасақтау, құрамды қалыптастыру және ең алдымен нәтиже үшін жауапкершілік өз мойнымда болды», – деді маман.
Мәліметке сәйкес, жақын күндері «Жеңіс» жаңа бас бапкердің есімін ресми жариялайды. Бұл қызметке босниялық Владимир Слишковичтің тағайындалуы күтілуде.
Біздің серіктес: Sport12kz