Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

«Левски» - «Қайрат» кездесуінде тең нәтиже тіркеледі - сарапшы

«Левски» - «Қайрат» кездесуінде тең нәтиже тіркеледі - сарапшы

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Спорт журналисі Ермұхамед Мәулен Sport12.kz тілшісіне UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Левски» (София, Болгария) - «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) кездесуі жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл кездесу 4 тамыз күні Қазақстан уақытымен 22:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Матчқа литвалық төрешілер бригадасы бекітілген. Бас төреші – Донатас Румшас, оған отандастары Александр Радиус пен Довидас Сужеделис көмектеседі.

- Бірден айта кетейін, бұл ойында «Левски» командасы басты фаворит екені белгілі. Олар Болгария біріншілігіндегі соңғы ойынында екінші құраммен шықты десек те болады. Команда сапындағы Сержиньо, Эвертон Бала секілді ойыншылар демалыс алды. Эвертон Бала Болгария біріншілігінде сұрмергендігімен көзге түсті. Еншісінде 17 гол бар. Бұл футболшыға қазақстандық клубтардан қызығушылық бар. Қазақстан Премьер-лигасынан Сержиньомен кішігірім келіссөз жүргізген командалар болғанын да айта кетейік. Қазір олардың бағасы екі есеге өсіп кетті. Біріншіден, олар Болгария чемпионы болды. Екіншіден, Чемпиондар лигасында ойнап жатыр. Айта кетсем, еурокубоктағы Сержиньо пас беріп, Эветртон Бала өткен турда да гол салды. Нәтижесінде олар Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кеезңінде Румынияның «Университатя» (Крайова) клубынан (2:2, 1:0) айласын асырды.

Рас, екеуінің де аталған турнирде тәжірибесі аздау команда екені белгілі. Менің ойымша, болгариялық клуб «Қайратпен» алғашқы кездесуінде бір гол басымдығымен жеңуі мүмкін. Алайда алматылық клубтың да қорғанысқа мықты екенін жоққа шығара алмаймыз. Осылайша олар допты ұстайтыны түсінікті болса керек-ті. Сондықтан қазақстандық команда минималды есеппен жеңілуі мүмкін немесе тең нәтиже тіркеледі, - деді Ермұхамед Мәулен.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» (2:1, 2:0), Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді.

Қарымта кездесу 11 тамызда Түркістан қаласында болады.


Біздің серіктес: Sport12kz