4 сағат бұрын
Бүгін әйелдер лигасында БИІК ірі есеппен басым түсті
Фото: Kffleague.kz
Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ХІV туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл турдағы ойындар 3 және 4 тамыз күндері өтті. Алдымен 3 тамызда А конференциясында төрт, В конференциясында 1 кездесу болса, 4 тамызда В конференциясында ойындар жалғасты.
Шымкенттік БИІК командасы бұл турда өз алаңында талдықорғандық «Жетісу» командасын қабылдаған еді. Кездесу барысында олар сенімді ойын көрсетті. Қарсылас қақпасына он бір гол соғып, өз қақпасына бір доп жіберіп алды.
Осылайша шымкенттік клуб қарсыласынан 11:1 есебімен басым түсті.
3 тамыз
В конференциясы
«Ертіс» (Павлодар) - «Тобыл» (Қостанай) 0:1
А конференциясы
БИІК (Шымкент) - «Жетісу» (Талдықорған) 11:1
«Каспий» (Ақтау) - «Қайрат» (Алматы) 0:5
«Қайсар» (Қызылорда) - «Атырау» 1:0
«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Ордабасы» (Шымкент) 4:0
4 тамыз
В конференциясы
«Шахтер» (Қарағанды) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 5:1
«Алтай» (Өскемен) - «Астана» 1:2
«Қызылжар» (Петропавл) - «Жеңіс» (Астана) 5:0.
Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ақтөбе» әйелдер командасы Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz