Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

14 сағат бұрын

«Тобыл» Сербияда «Партизанға» қарсы ойнайды

«Тобыл» Сербияда «Партизанға» қарсы ойнайды

6 тамыздан 7 тамызға қараған түні Сербия астанасы Белградта УЕФА Конференциялар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Партизан» мен қостанайлық «Тобыл» кездеседі.

Кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Айта кетейік, «Тобыл» Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» клубын пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал «Партизан» Люксембургтің «УНА Штрассен» командасын екі матч қорытындысы бойынша 5:0 есебімен ойсырата жеңген.

Қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Қазақстан атынан еурокубоктарда өнер көрсетіп жатқан тағы бір клуб – Чемпиондар лигасындағы «Қайрат».


Біздің серіктес: Sport12kz