Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

«Қайрат» - «Левски» кездесуінде кімдер төрелік етеді

«Қайрат» - «Левски» кездесуінде кімдер төрелік етеді

Фото: «Қайрат» футбол клубы

UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Левски» (София, Болгария) қарымта кездесуіне төрешілер белгіленді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу 11 тамызда Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында өткізіледі.

Бұл ойында Даниэл Зиберт бастаған германиялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Оған отандастары Ян Зайдель мен Рафаэль Фольтин көмектеседі. Төртінші төреші - Макс Бурда, бас төрешінің бейнеқатайлау көмекшісі Кристиан Дингерт болса, оған ассистент қызметін Йоханн Пфайфер атқарады.

Айта кетсек, Болгарияда өткен екі команда арасындағы алғашқы кездесуде қазақстандық клуб қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.

Алматылық клуб қазірге дейін бірінші және екінші іріктеу кезеңдерінде Черногорияның «Сутьеска» (2:1, 2:0), «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді.

Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Португалияның «Спортинг» (1:4), Испанияның «Реал Мадрид» (0:5), Италияның «Интер» (1:2), Грекияның «Олимпиакос» (0:1), Данияның «Копенгаген»( 2:3), Бельгияның «Брюгге» (1:4), Англияның «Арсенал» (2:3) клубытарына жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түскен еді.

Еске салсақ, «Тараз» орталық стадионы УЕФА талаптарына сай жаңғыртылады.




Біздің серіктес: Sport12kz