4 сағат бұрын
ҚПЛ: «Тобыл» - «Қайсар» кездесуі белгіленген уақытында өтеді
Қызылордалық «Қайсар» қостанайлық «Тобылға» қарсы Қазақстан Премьер-лигасы кезекті турын белгілінген мерзімінде өткізетін болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қызылордалық клуб матч уақытын ауыстыруға дайын екенін айтты. Алайда кездесуді басқа күнде өткізу мүмкін болмады.
Менің ақпаратым бойынша, қызылордалық команда басшылығы ойынды ауыстыруға келісті. Матчты 24-25 тамызда өткізуді ұсынды. Алайда, Қазақстан футбол федерациясы бұл нұсқаyы мақұлдамады. Нәтижесінде «Тобыл» мен «Қайсар» арасындағы кездесу бұрын жоспарланған мерзімде - 9 тамызда Қостанайда өтеді, - деп жазды спорт журналисі Эльдар Аманбаев.
Біздің серіктес: Sport12kz