Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Қазақстан су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Сингапурды жеңді

Қазақстан су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Сингапурды жеңді

Фото: Қазақстан ҰОК

Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық спортшылар бұл кездесуде Сингапур құрамасымен күш сынасты. Тартысты өткен матчта жерлестеріміз жеңіске жетті.

Негізгі уақыт тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандық ойыншылар дәлдік танытып, қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп - 16:15. Ернар Тілекқабыл кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Мысырға 9:14 есебімен есе жіберген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругваймен кездеседі.



Біздің серіктес: Sport12kz