19 сағат бұрын
«Тобыл» Сербиядағы маңызды матчын өткізеді
6 тамыздан 7 тамызға қараған түні Қостанайдың «Тобылы» УЕФА Конференциялар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Сербияның «Партизанымен» кездеседі.
Ойын Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.
Еске салайық, «Тобыл» турнирдің екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» клубын пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын. Ал «Партизан» Люксембургтің «УНА Штрассен» командасын екі матч қорытындысы бойынша 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Сонымен қатар Қазақстан атынан Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан «Қайрат» еурокубоктардың негізгі кезеңіне қатысуын алдын ала қамтамасыз етіп қойды.
Біздің серіктес: Sport12kz