Матч орталығы
Бірінші дивизион Футбол Мосс Мосс 22:00 Бүгін Одд Одд Суперэттан Футбол Норрбю Норрбю 22:00 Бүгін Эребру Эребру Бірінші дивизион Футбол Йонг АЗ Йонг АЗ 23:00 Бүгін Эйндховен Эйндховен Примера B Насьональ Футбол Олл Бойз Олл Бойз 23:00 Бүгін Сентрал Норте Сентрал Норте Лига 1 Футбол ЧФР ЧФР 23:30 Бүгін Университатя Клуж Университатя Клуж Лига 1 Футбол Сепси Сепси 23:30 Бүгін Стяуа Стяуа Лига кубогы Футбол Плимут Плимут 00:00 Ертең Эксетер Эксетер Жоғарғы дивизион Футбол Фрам Фрам 00:15 Ертең Рейкьявик Рейкьявик Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ювентус Ювентус 15:00 Ертең Палермо Палермо Лига Чемпионов АФК Футбол Пахтакор Пахтакор 20:00 Ертең Аль Хуссейн Аль Хуссейн Чемпиондар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 20:00 Ертең Левски Левски Еуропа лигасы Футбол Иберия Иберия 21:00 Ертең Ларн Ларн Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 21:00 Ертең Юнион Юнион Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 21:00 Ертең Орхус Орхус Суперэттан Футбол Хельсингборг Хельсингборг 22:00 Ертең Вернаму Вернаму Конференциялар лигасы Футбол Аполлон Аполлон 22:00 Ертең Бранн Бранн Чемпиондар лигасы Футбол Кауно Кауно 22:00 Ертең Динамо Динамо 23 жасқа дейінгі ойыншылар чемпионаты Футбол Спортинг U23 Спортинг U23 22:00 Ертең Лейрия U23 Лейрия U23 Вторая лига Болгарии Футбол Янтра Янтра 22:00 Ертең Монтана Монтана Конференциялар лигасы Футбол ЦСКА ЦСКА 22:30 Ертең Панатинаикос Панатинаикос

4 күн бұрын

Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалмақ

Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалмақ

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жаңа бас бапкері жақын күндері ресми түрде таныстырылуы мүмкін.

Мәліметтерге сәйкес, Қазақстан футбол федерациясы шетелдік маманмен келіссөздердің соңғы кезеңіне жеткен. Жаңа бас бапкердің есімі осы апта соңына дейін жарияланады деп күтілуде.

Болашақ келісімшарт төрт ай мерзімге жасалмақ. Яғни жаңа жаттықтырушы алдағы іріктеу кезеңі аяқталғанға дейін қызмет атқарады. Федерация мұндай шешімді ұзақ мерзімді бапкерді таңдауға асықпай, қыс мезгілінде үміткерлерді жан-жақты саралау үшін қабылдаған.

Жаттықтырушылар штабы негізінен қазақстандық мамандардан құралады. Қазіргі штабтың бір бөлігі өз қызметін жалғастырса, құрамға жаңа отандық бапкерлер де қосылады. Бұл шетелдік маманның жергілікті футболды, ойыншыларды және ішкі чемпионатты жақсы білетін мамандармен бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасында жұмыс істеп жүрген бапкерлердің кандидатуралары қарастырылмаған. Федерация мұны ел чемпионатының шешуші кезеңінде клубтардың жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында қабылдаған.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметі 22 маусымнан бері бос тұр. Сол кезде Талғат Байсуфинов қызметінен кеткен болатын.


Біздің серіктес: Sport12kz