Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Құлсарыда жаңа футбол жолы басталды

Құлсарыда жаңа футбол жолы басталды

Фото: «Атырау» футбол клубы

«Атырау» футбол клубы Жылой ауданының орталығы - Құлсарыда академияның тұңғыш аудандық филиалы ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл бастама клуб жекеменшік басқаруға өтіп, президент Болат Қонарбай балалар футболын дамыту бағытын негізгі басымдықтардың бірі ретінде белгілегеннен кейін қолға алынды.

Ашылу аясында клубтың бас директоры Айбек Тлеужан мен Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жас футболшыларға шеберлік сағаты өткізіліп, 2014–2015 жылы туған жасөспірімдер арасында жолдастық матч ұйымдастырылды.


Біздің серіктес: Sport12kz