Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«Партизан» - «Тобыл» кездесуінде кімдер негізгі құрамда шығады?

«Партизан» - «Тобыл» кездесуінде кімдер негізгі құрамда шығады?

Фото: «Тобыл» футбол клубы

UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Партизан» (Белград, Сербия) - «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) кездесуінің негізгі құрам ойыншылары белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де Сербия астанасы Белград қаласындағы «Партизан» стадионында өткізіледі.

Ойынға Антониу Нобре бастаған португалиялық төрешілер бригадасы қазылық етеді. Оған отандастары Нелсон Перейра мен Франсишку Перейра көмектеседі.

Төртінші төреші - Луиш Карлуш Матеуш Филипе. Бас төрешінің бейнеқайталау жөніндегі көмекшісі Бруну Эстевеш болса, бас төрешінің бейнеқайталау жөніндегі көмекшісінің ассистенті міндеті Катарина Кампушқа жүктелген.

«Партизан»: Милош Крунич (Қ) – Вукашин Джурджевич, Стефан Митрович, Никола Симич (К), Милан Роганович – Богдан Костич, Милан Вукотич, Милан Алексич – Зубайру Ибрахим, Эрик Койцек, Демба Сек;

Қосалқы құрам: Марко Милошевич (Қ) – Матея Милованович, Стефан Петрович, Стефан Милич – Алекс Зекович, Самсон Нвулу, Неманья Трифунович, Зоран Алилович – Шака Траоре, Матия Нинич, Марко Лекич;

Бас бапкер: Саша Илич.

«Тобыл»: Данил Устименко (Қ) – Антонио Боршич, Папе Алиун Ндиайе, Райан Сенхаджи​,​ Наурызбек Жагоров – Асхат Тағыберген (К), Абдулай Сиссе, Мохамед Амин Талал, Александр Зуев, Ислам Чесноков – Урош Милованович;

Қосалқы құрам: Сұлтан Бұсырманов (Қ), Юрий Мелихов (Қ) – ​Роман Асранқұлов, Неманья Кавнич, Александр Марочкин, Аманжол Бақытжанов – Максим Мякиш, Сұлтан Бақыткириев, Эмин Мусаев, Дәурен Жұмат, Луис Герра – Виталий Лисакович;

Бас бапкер: Мирослав Ромащенко.

Қостанайлық команда екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» (1:1, 2:2, пенальтиден - 3:2) клубын қапы қалдырған еді.


Біздің серіктес: Sport12kz