2 сағат бұрын
«Реал Мадрид» Винисиус Жуниорға қатысты шешім қабылдады
Фото: yahoo sports
«Реал Мадрид» шабуылшы Винисиус Жуниормен келісімшарт мерзімі ұзартылғанын жариялады. Жаңа келісімшарт 2032 жылдың 30 маусымына дейін белгіленген, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бразилиялық футболшы мадридтік клуб сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Содан бергі уақытта 375 кездесуде 128 гол соғып үлгерді. Сегіз жылдың ішінде командамен бірге 14 титулға қол жеткізді. Екі мәрте Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанса, екі мәрте УЕФА суперкубогына қол созды. Сондай-ақ үш мәрте ел чемпионы және суперкубок иегері болса, бір мәрте Испания кубогын төбесіне көтерді.
Еске салсақ, бұдан бұрын мадридтік «Реал» клубы испаниялық жас шабуылшы Карлос Эспиді өз қатарына қосты.
Біздің серіктес: Sport12kz