14 сағат бұрын
Абдукодир Хусановтың атасы өмірден озды
Өзбекстан құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Абдукодир Хусановтың атасы Хусан Хошимов өмірден озды.
Қаралы хабарды «Бунёдкор» клубы жеткізді. Хусан Хошимов — клубтың U-19 командасының бас бапкері Хикмат Хошимовтың әкесі.
«Бунёдкор» клубы Хикмат Хошимов пен оның жақындарына көңіл айтты.
Хусан Хошимов футболдағы жолын 1990-жылдардың ортасында Ташкенттің МХСК командасында бастаған. Кейін «Согдиана», «Локомотив», «Андижан» және Өзбекстанның өзге де клубтарында ойнады.
Абдукодир Хусанов атасының құрметіне оның есімін тегі ретінде жаздыртқан.
22 жастағы қорғаушы 2025 жылдың қаңтарынан бері «Манчестер Сити» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол Англия чемпионатында ойнаған алғашқы өзбекстандық футболшы атанды.
Хусанов биыл шілде айының соңында манчестерлік клубпен келісімшартын 2031 жылдың маусымына дейін ұзартты. Сондай-ақ ол Өзбекстан құрамасының негізгі ойыншыларының бірі.
2026 жылғы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы ел тарихында алғаш рет турнирдің финалдық кезеңіне қатысты.
Біздің серіктес: Sport12kz