12 сағат бұрын
Вячеслав Швырёв «Жетісу» ойыншысы атанды
Фото: «Ертіс» футбол клубы
Қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швырёв ресми түрде «Жетісу» командасы қатарына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Славаға сәтті ойын, жарқын сәттер және «Жетісу» сапында жеңістер тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Вячеслав «Қайрат» академиясының түлегі. Өз мансабында «Ақжайық», «Қайрат», «Қайрат-Мәскеу», «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтарында ойнап, нәтижелі шабуылшы ретінде өнер көрсеткен еді, шабуылдың ұшында да, комбинациялық ойында да тиімділігімен көзге түсті.
Өткен маусымда Вячеслав «Ақтөбе» командасының құрамында барлық турнирлерде 10 матч өткізді. «Қайрат» және «Ақтөбе» құрамында ол Еуропа Лигасы мен Конференция Лигасы ойындарына қатысты.
Осы маусымда ол барлық турнирде 16 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді.
Еске салсақ, Вячеслав Швырев «Ертіс» футбол клубынан кетті.
Біздің серіктес: Sport12kz