15 сағат бұрын
Астанада «Болашақ ойындары» аясында ерекше шоу-матч өтті
Астанада «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі аясында QOFA (Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы) мен United Esports Leagues ұйымдастырып, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен фиджитал бағытындағы шоу-матч өтті.
Қазақстанда Phygital бағытын алғашқылардың бірі болып Қарағанды дамытып келеді. Ал QOFA-ның ALGA! жобасы аясында өңір мектептерінің бастауыш сыныптарында үшінші дене шынықтыру сабағы футбол форматына енгізілген.

Шоу-матчқа Қарағандыдан 16 оқушы іріктелді. Құрамаға Бірінші Теміртау классикалық лицейінің ALGA! жобасында үздік нәтиже көрсеткен оқушылары және киберспортта жоғары жетістіктерге жеткен, белсенді әрі үлгілі оқушылар енді.
Осылайша, құрама футбол мен киберспортты біріктіріп, балалар спорты, инклюзия және тең мүмкіндіктер идеясын көрсетті. Шоу-матчтың мақсаты — балалар футболын танымал ету, спортқа қызығушылықты арттыру және әр балаға өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.
Біздің серіктес: Sport12kz