14 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев ойнаған матчта «Челси» тең түсті
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Челсидің» Азиядағы маусым алдындағы тур аясындағы соңғы ойынына қатысты.
Лондондық клуб Малайзияның «Джохор Дарул Такзим» командасымен жолдастық матч өткізіп, 3:3 есебімен тең түсті.
Дастан Сәтпаев ойынды қосалқы құрамда бастады. Қазақстандық футболшы 87-минутта алаңға шығып, матч соңына дейін ойнады.
«Челси» сапында Лиам Делап екі пенальтиді дәл орындады. Лондондықтардың тағы бір голы қарсылас ойыншының өз қақпасына соққан добынан кейін есепке жазылды. Ал «Джохор Дарул Такзим» құрамынан Ариф Айман, Оскар Аррибас және Бергсон мергендік танытты.
Бұл «Челсидің» Азиядағы маусым алдындағы дайындығы аясындағы соңғы матчы болды.
Біздің серіктес: Sport12kz