13 сағат бұрын
«Астана» «Оқжетпесті» жеңіп, турнир кестестінде үшінші орынға көтерілді
Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында «Астана» «Оқжетпесті» қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті.
«Астана Аренада» өткен матчта алғашқы болып қонақтар 20-минутта есеп ашты. Бұрыштамадан кейін Борис Лотоцкий баспен соққы жасап, кокшетаулықтарды алға шығарды.
Елордалықтар араға сегіз минут салып, қарымта гол соқты. Карло Бартолец айып алаңынан көтерген добы қақпаға дәл бағытталды.
Бірінші таймның соңына қарай Марин Томасов «Астананы» алға шығарды. Шабуылшы 40-минутта мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті 2:1-ге жеткізді.
Үзілістен кейін алаң иелері басымдықтарын сақтап қалды. Ал «Оқжетпес» таразы басын теңестіре алмады.
Бұл жеңістен кейін «Астана» 38 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. «Оқжетпестің» еншісінде 33 ұпай бар, кокшетаулықтар төртінші орында келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz