11 сағат бұрын
ҚФФ басшылығы «Астана» – «Оқжетпес» матчын тамашалады
Фото:ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясының басшылығы Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында өткен «Астана» – «Оқжетпес» матчын стадионнан тамашалады.
«Астана Аренада» өткен ойынға ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн, техникалық директор Геннадий Скуртул, ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Джон ван ’т Шкип және жаттықтырушылар штабы қатысты.
Олардың қатарында бас бапкердің көмекшілері Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене дайындығы бойынша маман Вадим Боровский және сарапшы бапкер Тимур Құсайынов бар.
ҚФФ өкілдері матч барысында чемпионат ойыншыларын бақылап, ұлттық құрамаға үміткер футболшылардың қазіргі деңгейін бағалады.
Ал Джон ван ’т Шкип ойын барысын жіті қадағалап, футболшылардың алаңдағы әрекеттеріне назар аударды.
Біздің серіктес: Sport12kz