Матч орталығы
Бірінші дивизион Футбол Мосс Мосс 22:00 Бүгін Одд Одд Суперэттан Футбол Норрбю Норрбю 22:00 Бүгін Эребру Эребру Бірінші дивизион Футбол Йонг АЗ Йонг АЗ 23:00 Бүгін Эйндховен Эйндховен Примера B Насьональ Футбол Олл Бойз Олл Бойз 23:00 Бүгін Сентрал Норте Сентрал Норте Лига 1 Футбол ЧФР ЧФР 23:30 Бүгін Университатя Клуж Университатя Клуж Лига 1 Футбол Сепси Сепси 23:30 Бүгін Стяуа Стяуа Лига кубогы Футбол Плимут Плимут 00:00 Ертең Эксетер Эксетер Жоғарғы дивизион Футбол Фрам Фрам 00:15 Ертең Рейкьявик Рейкьявик Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ювентус Ювентус 15:00 Ертең Палермо Палермо Лига Чемпионов АФК Футбол Пахтакор Пахтакор 20:00 Ертең Аль Хуссейн Аль Хуссейн Чемпиондар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 20:00 Ертең Левски Левски Еуропа лигасы Футбол Иберия Иберия 21:00 Ертең Ларн Ларн Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 21:00 Ертең Юнион Юнион Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 21:00 Ертең Орхус Орхус Суперэттан Футбол Хельсингборг Хельсингборг 22:00 Ертең Вернаму Вернаму Конференциялар лигасы Футбол Аполлон Аполлон 22:00 Ертең Бранн Бранн Чемпиондар лигасы Футбол Кауно Кауно 22:00 Ертең Динамо Динамо 23 жасқа дейінгі ойыншылар чемпионаты Футбол Спортинг U23 Спортинг U23 22:00 Ертең Лейрия U23 Лейрия U23 Вторая лига Болгарии Футбол Янтра Янтра 22:00 Ертең Монтана Монтана Конференциялар лигасы Футбол ЦСКА ЦСКА 22:30 Ертең Панатинаикос Панатинаикос

5 сағат бұрын

«Астана» легионері «Оқжетпеске» қарсы жеңістің маңызын айтты

«Астана» легионері «Оқжетпеске» қарсы жеңістің маңызын айтты

«Астана» шабуылшысы Никола Бурич Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында «Оқжетпеске» қарсы өткен матчтан кейін пікір білдіріп, жеңістің команда үшін маңыздылығын атап өтті.

Көкшетауда өткен кездесуде елордалық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы болып алаң иелері есеп ашты. Бұрыштамадан кейін Борис Лотоцкий баспен дәл соққы жасап, «Оқжетпесті» алға шығарды.

Алайда «Астана» таразы басын өз пайдасына аудара алды. Алдымен Карло Бартолец есепті теңестірсе, кейін Марин Томасов елордалық клубқа жеңіс сыйлаған голды соқты. Бұл Томасовтың «Астана» сапындағы 101-голы болды.

Кездесуден кейін Никола Бурич команда үшін үш ұпайдың аса маңызды болғанын айтты. Оның сөзінше, «Астана» матч тағдырын ертерек шешуге мүмкіндік алған.

«Бұл біз үшін өте маңызды ойын болды. Бізге үш ұпай ауадай қажет еді. Матчтың тағдырын ертерек шешуге мүмкіндік беретін бірнеше сәтіміз болды. Егер сол мүмкіндіктерді пайдаланғанда, ойынның соңғы минуттарында тәуекелге бармас едік. Қарсылас есепті теңестіріп кетуі мүмкін еді. Дегенмен, ең бастысы – қажетті үш ұпайды иелендік», – деді Бурич.

Бұл жеңістен кейін «Астана» 38 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді. «Оқжетпес» 33 ұпаймен төртінші орында қалды.



Біздің серіктес: Sport12kz