3 сағат бұрын
Қазақстандық қорғаушы РПЛ клубының назарына ілікті
Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) «Факел» клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Санжар Сатановты бақылап жүр.
AmanVIBE мәліметінше, Воронеж командасы 24 жастағы футболшының ойынына қызығушылық танытып, оның жағдайын қадағалауда.
«Факел» үшін жаңа маусым сәтсіз басталды. Олег Василенко жаттықтыратын команда алғашқы кездесулерінің барлығында жеңіліп, әсіресе қорғаныс шебінде қиындықтарға тап болды. Осыған байланысты клуб қорғанысты күшейтудің жолдарын қарастырып жатыр.
Ал «Атырау» сапында өнер көрсететін Сатанов биылғы маусымды жоғары деңгейде өткізіп келеді. Қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 19 матчқа қатысып үлгерген.
Оның сәтті ойыны алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алуына мүмкіндік берді. Сатанов Армения және Венгрия құрамаларына қарсы кездесулерге арналған құрамға енді.
Біздің серіктес: Sport12kz