3 сағат бұрын
«Қайраттың» Чемпиондар лигасына өтуіне сарапшылар сенбейді
Football Meets Data компаниясы Алматының «Қайрат» клубының Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығу мүмкіндігін есептеді.
Футбол аналитикасы мен модельдеуге маманданған компанияның X әлеуметтік желісінде жариялаған мәліметіне сәйкес, «Қайрат» іріктеу кезеңінде қалған командалардың арасында турнирдің негізгі кезеңіне өту мүмкіндігі ең төмен клуб болып отыр.
Сарапшылар Рафаэль Уразбахтин шәкірттерінің қатарынан екінші жыл Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығу мүмкіндігін 5,9 пайыз деп бағалаған.
Бүгін, 11 тамызда «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта болгариялық «Левскиді» қабылдайды. Түркістанда өтетін кездесу 20:00-де басталады.
Бірінші ойында қазақстандық клуб Софияда 0:1 есебімен жеңілген еді.
Егер «Қайрат» «Левскиден» өтсе, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде грекциялық АЕК-пен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz