3 сағат бұрын
«Милан» «Тоттенхэм» қорғаушысы үшін бәсекеге кірісті
Италиялық «Милан» «Тоттенхэм» мен Англия құрамасының қорғаушысы Джед Спенсті трансферлік мақсаттарының тізіміне қосты.
Бұл туралы журналист Экрем Конур хабарлады. «Тоттенхэм» 26 жастағы футболшының трансферін шамамен 50 миллион еуроға бағалап отыр.
Спенске Италияның тағы бір алпауыт клубы «Интер» де қызығушылық танытуда. Бұған дейін қорғаушыны «Рома» да қарастырған, алайда римдік клуб «Тоттенхэмнің» қаржылық талаптарына келіспеген.
Ағылшын қорғаушысы «Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтедке» де ұсынылған. «Ливерпуль» бұл нұсқадан бас тартса, манчестерлік клуб әзірге трансфер бойынша нақты қадам жасамаған.
Спенс өткен маусымда барлық турнирде 44 матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түспеді.
Біздің серіктес: Sport12kz