3 күн бұрын
«Қайрат» – «Левски» матчы алдында полиция жанкүйерлерге үндеу жасады
Бүгін Алматыдағы «Түркістан Аренада» «Қайрат» пен болгариялық «Левски» командалары Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында кездеседі.
Ойынға байланысты қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Полиция адам көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстайды.
Құқық қорғау органдары жанкүйерлер мен қала қонақтарын тәртіп сақтауға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Матчтың қауіпсіз өтуіне байланысты полиция тұрғындардан белгіленген талаптарды сақтауды сұрады.
Біздің серіктес: Sport12kz