11.08.2026
«Қайрат» - «Левски» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды
Фото: «Қайрат» футбол клубы
UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Левски» (София, Қазақстан) кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында командалар алғашқы минуттан белсенді қимыл көрсетті. Осындай сәттердің бірінде болгариялық команда сапынан Рейналдо 17-минутта «Левскиді» алға шығарды.
Қазірге дейін алматылық команда алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубынан (2:1, 2:0), Черногорияның Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді.
Плей-офф кезеңіне шыққан жағдайда алматылық ұжым Грекияның АЕК клубымен кездесуі мүмкін. Бұл ойындар 18-19, 25-26 тамыз күндеріне белгіленген.
Алматылық ұжым Чемпиондар лигасында қарсыласынан жеңілген жағдайда Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде сынға түсуге мүмкіндік алады. Онда олар ПАОК (Грекия) — «Андерлехт» (Бельгия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz