Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Копенгаген Копенгаген 21:00 Бүгін Дебрецен Дебрецен Конференциялар лигасы Футбол Рапид Вена Рапид Вена 21:00 Бүгін Пайде Пайде Конференциялар лигасы Футбол Катовице Катовице 21:00 Бүгін Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ньюкасл Ньюкасл 21:15 Бүгін Эвертон Эвертон Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Франкфурт 1899 Франкфурт 1899 21:30 Бүгін Айнтрахт Айнтрахт Суперкубок Греции Футбол АЕК АЕК 22:00 Бүгін ОФИ ОФИ Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Арсенал Арсенал 23:30 Бүгін Комо Комо Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 23:30 Бүгін Лидс Лидс Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 23:45 Бүгін Байер Байер Суперкубок УЕФА Футбол ПСЖ ПСЖ 00:00 Ертең Астон Вилла Астон Вилла Конференциялар лигасы Футбол Тобыл Тобыл 20:00 Ертең Партизан Партизан Премьер-лига Футбол Урарту Урарту 20:00 Ертең Сюник Сюник Конференциялар лигасы Футбол Флора Флора 21:00 Ертең Интер Эскальдес Интер Эскальдес Конференциялар лигасы Футбол ДАК ДАК 21:00 Ертең Твенте Твенте Конференциялар лигасы Футбол Қарабақ Қарабақ 21:00 Ертең Динамо Киев Динамо Киев Конференциялар лигасы Футбол Ильвес Ильвес 21:00 Ертең Риека Риека Конференциялар лигасы Футбол РФШ РФШ 21:30 Ертең Яблонец Яблонец Конференциялар лигасы Футбол Динамо Минск Динамо Минск 22:00 Ертең Брага Брага Конференциялар лигасы Футбол Тромсе Тромсе 22:00 Ертең ЧФР ЧФР Конференциялар лигасы Футбол Хаммарбю Хаммарбю 22:00 Ертең Ракув Ракув

5 сағат бұрын

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасындағы басты мақсатын атады

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасындағы басты мақсатын атады

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Джон ван ’т Схип ұлттық құрамаға ойыншыларды іріктеу талаптары мен алдағы Ұлттар лигасындағы мақсаттары туралы айтты.

Нидерландтық маман Қазақстан футболын жан-жақты зерттеп жатқанын жеткізді. Ол Премьер-лига матчтарын тамашалап, жаттықтырушылар штабымен және Қазақстан футбол федерациясының қызметкерлерімен кеңесіп, футболшылардың ойындарын бейнематериалдар арқылы талдап жүр.

Ван ’т Схиптің айтуынша, құрамаға шақырылатын ойыншы ең алдымен ұлттық команда деңгейінде өнер көрсетуге қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Сонымен қатар маман бұған дейін құрамада ойнаған футболшыларды бақылауда ұстап, жаңа есімдерге де мүмкіндік беруге дайын.

— Құрама есігі барлығына ашық. Кез келген футболшы өз ойынымен шақыртуға лайық екенін дәлелдей алады, — деді бас бапкер.

Маман ойыншылардың физикалық дайындығына да ерекше мән беретінін атап өтті. Алдағы уақытта Қазақстан құрамасы қысқа мерзім ішінде төрт матч өткізуі тиіс. Осыған байланысты футболшылардың толық 90 минутқа немесе кездесудің белгілі бір бөлігінде жоғары деңгейде ойнауға дайын болуы маңызды.

Сонымен бірге ван ’т Схип әр позицияда кемінде екі футболшы болғанын қалайды.

Бас бапкер Қазақстан чемпионатының бірнеше матчын тамашалап үлгерді. Ол «Жетісу» — «Ордабасы», «Астана» — «Оқжетпес» және «Қайрат» — «Левски» кездесулерін стадионнан көрген. Алдағы уақытта «Тобыл» — «Партизан» және «Каспий» — «Елімай» матчтарына баруды жоспарлап отыр.

Ұлттық құраманың алдағы басты мақсаты — Ұлттар лигасында мүмкіндігінше жоғары нәтиже көрсету.

— Біздің басты міндетіміз — Ұлттар лигасында жақсы өнер көрсету, сапалы футбол ойнау және ұпай жинау. Біз турнир кестесінде мүмкіндігінше жоғары орынға көтерілгіміз келеді. Әрқашан ең жоғары нәтижеге, яғни бірінші орынға ұмтылуымыз керек. Бұл мақсатқа жете аламыз ба, оны матчтар көрсетеді. Бірақ біз өз командамызға сенеміз және осы мақсат үшін күресе алатынымызға сенімдіміз, — деді Джон ван ’т Схип.



Біздің серіктес: Sport12kz