2 сағат бұрын
Қостанайда «Тобыл» — «Партизан» матчы өтеді
13 тамыз, бейсенбі күні Қостанайда Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Тобыл» сербиялық «Партизанмен» қарымта матч өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.
Алғашқы ойын Белградта өтіп, «Тобыл» алаң иелерінен 0:3 есебімен жеңілген. «Партизан» сапында Демба Сек, Ибрагим Зубайру және Шака Траоре гол соққан.
Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз Конференция лигасының плей-офф кезеңінде испаниялық «Хетафемен» кездеседі.
Айта кетейік, «Тобыл» екінші іріктеу кезеңінде литвалық «Паневежис» клубын пенальти сериясында жеңіп өткен. Ал «Партизан» Люксембургтің «УНА Штрассенін» 5:0 есебімен ойсырата ұтқан.
Біздің серіктес: Sport12kz